Ата - аналарды қолдау орталығы туралы » Н.Крупская атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа имени Н.Крупской
«Н.Крупская атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72831) 5-12-49
Бухгалтерия:
+7 (72831)5-12-49
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Ата - аналарды қолдау орталығы туралы
07
Қараша
2023

Ата - аналарды қолдау орталығы туралы

Мектебімізде 2023 -2024 оқу жылында ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы –
ата-аналар қауымын, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді және балалардың заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және оларға білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту

Міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Похожие публикации:

27 Қыркүйек 2023 Конкурс нәтижесі
27 Қыркүйек 2023 Конкурс нәтижесі
18 Тамыз 2023 Хабарландыру
17 Мамыр 2023 Устав школы
20 Сәуір 2023 Хабарландыру